«Астана» француз футболшымен қоштасты

«Астана» француз футболшымен қоштасты

«Астана» футбол клубы тараптардың келісімі бойынша француз жартылай қорғаушысы Жереми Манзорромен қоштасқанын хабарлады, деп мәлімдеді Prosports.kz елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы маусымда Жереми команданың негізгі ойыншыларының біріне айналып, астаналықтар Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Соңғы маусымда француз 25 матч өткізіп, 3 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.

Қазақстанның қазіргі чемпиондары футболшыға команданың жетістігіне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, болашақта сәттілік тіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0