Бокс

U22: Азия чемпионатының бірінші күнінің тікелей трансляциясы

U22: Азия чемпионатының бірінші күнінің тікелей трансляциясы

18 қаңтарда Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгі бокстан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың бірінші күні Қазақстанның екі өкілі шаршы алаңға шығады. Сессияның бірінші жұбында Санжар Ташкенбай 48 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда қырғызстандық Анваржан Ходжиевпен кездеседі.

Үшінші жұпта «қазақтың Ломаченкосы» атанған Махмуд Сабырхан өзбекстандық Мирзабек Мирзахалиловпен 57 келіге дейінгі салмақта 1/4 финалға шығу үшін жұдырықтасады.

Жастар арасындағы құрлық біріншілігіндегі жарыстың бірінші күнінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0