Босниялық жартылай қорғаушы «Қызыл-Жарда» қаралымнан өтіп жүр

Босниялық жартылай қорғаушы «Қызыл-Жарда» қаралымнан өтіп жүр

30 жастағы босниялық жартылай қорғаушы Младен Веселинович «Қызыл-Жарға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Веселинович мансабында Босния және Герцеговина чемпионатында «Слобода», «Железничар» және «Борац» сияқты клубтарда ойнаған. Бұдан бөлек вингер чехиялық «Виктория» және «Мостта» доп тепті. Футболшының соңғы клубы босниялық «Тузла Сити» болды.

Веселинович «Қызыл-Жардың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды.

Бұған дейін петропавлдық клубтан Мирослав Лобанцев, Пабло Подио, Павел Яковлев және басқа да ойыншылар кеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0