«Даун Андер Туры»: «Астана» шабандозы алғашқы кезеңде 37-орын алды

Аустралияда жыл сайынғы «Даун Андер Туры» көпкүндік веложарысы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Астананың» италиялық шабандозы Джанни Москон жекелей жарыста 37-орын алды.
EF Education-EasyPost командасының өкілі Альберто Беттиоль мәреге бірінші болып жетті. Екінші, үшінші орын Магнус Шеффилд (Ineos Grenadiers) пен Юлиус Граунгаард Йохансенге (Intermarché - Circus – Wanty) бұйырды.
Даун Андер туры. Пролог. 5,5 км. Аделаида- Аделаида.
1. Альберто Беттиоль (EF Education-EasyPost) - 52.243
2. Магнус Шеффилд (Ineos Grenadiers) + 0:08
3. Юлиус Граунгаард Йохансен (Intermarché - Circus – Wanty) +0:10
…37. Джанни Москон («Астана») +0:26