Қысқы

Универсиада: Қазақстандық биатлоншылар аралас эстафетада төртінші болды

Универсиада: Қазақстандық биатлоншылар аралас эстафетада төртінші болды

2023 жылғы қысқы Универсиадада биатлоншылар арасында жекелей аралас эстафета өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздің атынан Арина Крюкова мен Александр Мухин сайысқа түсті. Нәтижесінде қазақстандықтар төртінші орынға тұрақтады. Олар жарыс жеңімпазынан 1 минут 16.6 секундқа қалып қойды.

Бас жүлде чехиялық Тереза Яндова мен Якуб Кочанға бұйырды. Одан кейінгі орынды франциялық Полин Машу мен Аксель Гарнье еншілесе, қола жүлде украиналық Юлия Городна мен Степан Кинашқа бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0