«Ақтөбе» грузиялық қорғаушыны қатарға қосты

«Ақтөбе» грузиялық қорғаушыны қатарға қосты

Грузиялық орталық қорғаушы Лука Гадрани «Ақтөбе» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.

25 жастағы ойыншы өз елінде «Цхинвали» және «Металлург» командаларында өнер көрсеткен, сонымен қатар ирандық «Шахин Бушер» мен латвиялық «Валмиера» сапында доп тепті.

Гадрани былтыр Қазақстан чемпионатына ауысып, «Таразда» өнер көрсетті. ҚПЛ-да 27 ойынға қатысып, 3 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0