Футзал

Видео. Тайнан Испания чемпионатының матчында гол соқты

Видео. Тайнан Испания чемпионатының матчында гол соқты

Қазақстан құрамасының өкілі Тайнан ойнайтын Эль-Посо Испания чемпионатының 16-шы турындағы ойында Рибера Наваррадан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz .

Мурсиялықтар қарсыластарының қақпасына жеті гол соқса, оның біреуін Тайнан өз атына жазды.Кездесудің үздігі хет-трик жасаған бразилиялық «Эль Посо» вингері Марсель болды.

Бұл жеңістен кейін Эль Посо 27 ұпай жинап, Интер Мовистар мен Картахенадан озып, бесінші орынға көтерілді.

Эль Посо (Мурсия) – Рибера Наварра 7:2 (3:1)

Гол соққандар: Марсель (3, 34, 40), Рафа Сантос (10, 36), Тайнан (13), Рикардо (28) – Бруно Петри (5), Карлос (30)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0