русский язык
Футбол

«Марибор» - «Астана» 1:0. Жолдама тағдыры Елордада шешілмек

«Марибор» - «Астана» 1:0. Жолдама тағдыры Елордада шешілмек
Чемпиондар Лигасының шымылдығын ел чемпионы «Астана» Словенияның  Марибор қаласында жергілікті командаға қарсы ашты. Екінші іріктеу кезеңінде қарсылас атанған қос ұжымның арасындағы кездесу тартысты өтетіні анық еді.
 
Еурокубоктарда тәжірибесі мол Словениялық клуб «Астана» сияқты командалармен жақсы біледі. Ойынның 6-шы минутында-ақ алаң иелері есепті ашты. Бұрыштама добынан кейін Марко Шулер баспен қақпаның алыс бұрыштығын дәл көздеді.  Эричтің орнын басқан Логиновский алғашқы соққыдан-ақ дәрменсіздігін көрсетті. Алайда Ел чемпиондары бұдан кейін ойын басымдығын өзіне қарай бұрып, допты иелігінде көп ұстай бастады. Ал «Марибор» бір қызығы, алаң иесі екеніне қарамастан, екінші нөмірмен ойнап, қарымта шабуылдарға иек артты. Бірнеше минут өтісімен елордалықтар қауіпті шабуыл ұйымдастыра білді. Жуковтың пасынан кейін, қақпа маңындағы қарбаласта Жолшиевтің мүмкіндігі болып еді, алайда қорғаушылар мінсіз. 15-ші минутта Патрик Твумаси қорғаушының қателігінен кейін, таразы басын теңестіруге мүмкіндігі болған еді, «Марибордың» қақпашысы қақпасын голдан аман сақтап қала білді. Ойын біраз теңесіп қалды. Бір-бірінен сескенген қос клуб шабуылдан көрі, қорғанысты мығым ұстағанды жөн санады. Тек алғашқы таймның орта тұсында Каньяс алыстан бағын сынап көрмек болды, алайда оның жойқын соққысы қақпадан биік кетті.
 
 
Екінші таймды екі ұжым да сақ бастады. Оң қапталдан Жуков қорғаушыдан тамаша сытылып өтіп, қақпа маңында тұрған Жолшиевке пас асырды. Ал Бауыржан қақпадан 5 метр қашықтықтан мүлт кетті. Бұған алаң иелері екі қауіпті соққымен жауап қайтарды. Алдымен Бухардың жойқын соққысы қақпадан сәл қиыс кетсе, Ибраимиге сәттілік жолдас болмады. Негізгі уақыт аяқталуға 3 минут қалғанда, алаң иелерінің сол қапталдан бастаған шабуылы қауіпті шықты. Шомконың қателігінен кейін Таварес қақпаға жойқын соққы жасап еді, Логиновскийдің бағына орай доп бағанадан биік кетті. Қарымта шабуылға шыққан «Астана» ойыншылары таразы басын теңестіре алмады. Кабананганың шірене тұрып тепкен добын Ханданович қиындықпен болсын қайтара білді.
 
Қарымта ойын 22-ші шілде күні сағат 20:00-де Елордамыз Астана қаласындағы «Астана-Арена» стадионында өтеді.
 
Чемпиондар Лигасы, Екінші іріктеу кезеңі. Алғашқы ойын
«Марибор» (Марибор, Словения) — «Астана» (Астана, Қазақстан) 1:0 (1:0)
Гол: 6' Марко Шулер (1:0)
«Марибор»: Ханданович, Шулер, Райчевич, Вилер, Стоянович, Ибраими, Вршич (Бохар 66), Кабха (Филипович 66), Мертель, Таварес, Волаш (Захович 74)
«Астана»: Логиновский, Аничич, Илич, Постников, Максимович, Жуков (Дедечко 82), Нөсербаев, Шомко, Каньяс, Жолшиев (Кетевоама 90), Твумаси
Ескертулер: Кабха 29, Стоянович 82, Захович 86 — Илич 9, Жуков 78
Бас төреші: Калос дель Серро (Испания)
14 шілде. Марибор қаласы.
 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;