Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Нефтехимиктен» жеңіліп қалды
![Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Нефтехимиктен» жеңіліп қалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202301/472_a25d3b0e6af3cd265ba03e6e9899ba9b.jpg?v=28704384)
Астанадағы «Барыс-Арена» стадионында Құрлықтық хоккей лигасының матчы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елордалық «Барыс» нижнекамскілік «Нефтехимик» командасын қабылдады. Кездесу 5:3 (0:1, 2:2, 3:0) есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.
Кездесу басынан астаналық команда тізгінді өз қолына алды. Бесінші минутта Линден Вей елордалықтарды алға шығарса, 29-минутта Егор Попов есепті теңестірді. Кейін Антон Сагадеев пен Энтони Луи «Нефтехимикті» алға шығарды – 3:1. 39-минутта Андрей Белозёров бір гол соқты. 42-минутта Андрей Чивилев таразы басын теңестірді. 54-минутта Михаил Сидоров қонақтарды алға шығарды.
Келесі ойында «Барыс» өз айдынында «Сибирь» командасын қабылдайды. Матч 16 қаңтарда өтеді.
Фото hcbarys.kz