«Елімай» Астанада алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастайды

Бірінші лиганың жаңа клубы «Елімай» Астанада алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Самат Смақов шәкірттері 16 қаңтардан 7 ақпан аралығында келер маусымға дайындығын Астанада өткізбек.
Алдағы оқу-жаттығу жиындарында жігіттердің алдында маңызды міндет тұр – бапкерлер құрамын олардың жұмысының команда үшін пайдасы бар екеніне сендіру. Доппен жаттығудан басқа, спортшылар күн сайын дерлік жаттығу залында, дәрігерлер мен жаттықтырушылармен бірге жұмыс істейтін болады.
Астанамыздағы ОЖЖ аясында 5 бақылау кездесуі өтеді.
Еске салайық, жаңа жыл алдында семейліктер туған жерінде алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын», - делінген клуб хабарламасында.