«Қайрат» ойыншылары «Ордабасы» қақпасына 9 гол соқты
![«Қайрат» ойыншылары «Ордабасы» қақпасына 9 гол соқты](https://prosports.kz/upload/news/content//202301/201736_9129f07e447fd5130ff726f4f64c95d8.jpg?v=28706183)
Футзалдан Қазақстан чемпионаты аясында «Қайрат» АФК мен «Ордабасы» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойында алматылық команда қарсыласын 9:0 есебімен ойсырата ұтты.
Осылайша «Қайрат» АФК ел чемпионатының биылғы маусымында қатарынан 17-жеңісіне жетті, олар 51 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастап келеді.
«Қайрат» АФК (Алматы) – «Ордабасы» (Шымкент) 9:0 (5:0)
Гол соққандар: Тұрсағұлов (4, 5), Оразов (6, 30), Кайо Руис (9, 25), Кайо (10), Өмірбаев (23), Есенаманов (32).