Футзал

Игита операциядан кейінгі жағдайы туралы айтты

Игита операциядан кейінгі жағдайы туралы айтты

Футзалдан Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» АФК қақпашысы әрі капитаны Игита неге ота жасатқанын түсіндірді, деп жазады Prosports.kz.

«Грыжаны алып тастау операциясын жасаттым, бұл менің спорттық өмірімде ғана емес, қарапайым адам ретіндегі әдеттегі тұрмысыма да кедергі болды. Енді бұл мәселе шешілді, енді бірте-бірте күнделікті әдетіме орала аламын. Алдымен адам ретінде, сосын спортшы ретінде.

Доктор Марко Бруноға айтар алғысым шексіз!» - деп жазды спортшы Instagram парақшасында әрі Рио-де-Жанейродағы клиникада дәрігермен бірге түскен суретін жариялады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0