Хоккей

«Барыс» – «Нефтехимик» матчының тікелей трансляциясы

«Барыс» – «Нефтехимик» матчының тікелей трансляциясы

14 қаңтарда «Барыс» хоккей клубы өз алаңында нижнекамскілік «Нефтехимик» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл плей-оффқа жолдама алуға таласып жатқан тікелей бәсекелестердің кездесуі болмақ. Бірақ «Барыс» Қиыр Шығыстағы ойындарда мүмкін болған 8 ұпайдың 3-ін ғана жинап, турнирлік кестедегі жағдайын қиындатып алды. Оның үстіне өз алаңында ЦСКА-дан да жеңіліп қалды. 

Андрей Скабелка шәкірттерінің шегінетін жері жоқ, қателесуге мүлде болмайды. Тек жеңіс үшін ойнайды.

«Барыс» – «Нефтехимик» кездесуінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен 16:45-те басталады. Ойынды Qazsport және ҚХЛ телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Мына СІЛТЕМЕ арқылы да ойынды көруге болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0