Бокс

Дмитрий Бивол The Ring нұсқасы бойынша 2022 жылдың ең үздік боксшысы атанды

Дмитрий Бивол The Ring нұсқасы бойынша 2022 жылдың ең үздік боксшысы атанды

Ресейлік Дмитрий Бивол америкалық The Ring журналының нұсқасы бойынша 2022 жылдың үздік боксшысы деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жүлдеге таласта ресейлік спортшы аса жеңіл салмақта WBC және WBA чемпионы Кенширо Тераджиден, жеңіл салмақта абсолютті әлем чемпионы Наоя Иноуэден (екеуі де Жапониядан) және WBC супер жеңіл салмақтағы бұрынғы титулының иегері америкалық Джесси Родригесті басып озды.

2022 жылы Бивол мексикалық Сауль Альварес пен Гилберто Рамиресті жеңіп, WBA супер чемпионы атағын екі рет қорғады.

Бивол бұл сыйлықты алған тарихтағы екінші ресейлік. 2014 жылы Сергей Ковалев The Ring нұсқасы бойынша жылдың боксшысы болып танылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0