OCTAGON 2023 жылғы турнирлер күнтізбесін жариялады
![OCTAGON 2023 жылғы турнирлер күнтізбесін жариялады](https://prosports.kz/upload/news/content//202301/472_2e0fee598a162b68b7965f6935cfb4bf.jpg?v=28705704)
Еуразиялық жекпе-жек промоушені OCTAGON лигасы 2023 жылғы жекпе-жек күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тізімде ұйымның Қазақстанда өткізуді жоспарлап отырған 12 ивенті бар. Тағы 6 турнирді промоушен басқа елдерде ұйымдастырады.
Еске салайық, биылғы дебюттік OCTAGON 39 турнирі 21 қаңтарда Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген Азат «Қазақ» Мақсұм (15-0) бразилиялық Фабрисио Нуньеспен (8-0) кездеседі.
Алдағы кешке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі UNDERDOG спорт агенттігі
Турнирдің ресми серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы