русский язык
Футбол

Ресей футбол одағы Фабио Капеллоға 15 миллион еуро айыппұл төлейді

Ресей футбол одағы Фабио Капеллоға 15 миллион еуро айыппұл төлейді

Футболдан Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло отставкаға кетті. Бұл туралы Ресей футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Ресей футбол одағы Фабио Капеллоға осы уақыт аралығында істеген жұмысына рахмет айтып, алдағы карьерасына сәттілік тіледі.

Италиялық маман келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатқан үшін 15 миллион еуро (930 мың рубль) көлемінде өтемақы өндіріп алады.

Капелло Ресей құрамасын екі жыл 11 ай жаттықтырды. Соңғы кездері құрама команданың нәтижесі жанкүйелердің көңілден шығып жүрген жоқ.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;