«Қызыл-Жар» сапына Англияда ойнау тәжірибесі бар ойыншы қосылуы мүмкін

«Қызыл-Жар» сапына Англияда ойнау тәжірибесі бар ойыншы қосылуы мүмкін

Prosports.kz тілшісіне белгілі болғандай, «Қызылжар» сапына 31 жастағы қорғаушы Брайан Ван Ден Богарт қосылуы мүмкін.

Бельгиялық ойыншы қорғаныстың сол қапталында өнер көрсетеді. Айта кетейік, бұған дейін украиналық Юрий Бушман Еуропаға кетуі мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Брайан Ван Ден Богарт бұған дейін бельгиялық «Антверпен», «Вестерло», «Моленбек» және англиялық «Кроули», «Уайтхак», «Эббсфильт» клубтарында ойнаған.

Брайанның кейінгі клубы Исландия жоғарғы лигасында өнер көрсететін «Акюрейри» болды. Бұл команда сапында ол 28 матч өткізіп, бір гол соғып, төрт нәтижелі пас берген болатын.

Transfermarkt порталы 31 жастағы қорғаушыны 150 мың еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0