Фабио Капелло қызметінен босатылды
Футболдан Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло өз орнын босатты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Бұл туралы Ресей футбол кеңесінің баспасөз-қызметі мәлімдейді.
«Ресей футбол кеңесі үлкен жұмыс атқарғаны үшін Фабио Капеллоға алғыс айтады. Итальяндық бапкер өз кезегінде ұлттық құрамаға сәттілік тілеп, команданың жанкүйерлеріне өз алғысын айтты», - деп жазады РФК-ның ресми сайты.
Әзірге итальяндық бапкердің орнына кім келетіні белгісіз. Бірақ ресейлік БАҚ мәскеулік ЦСКА-ның бас бапкері Леонид Слуцкий ұлттық құраманың тізгінін ұстайды деп мәлімдеген.