русский язык
Теннис

Юлия Путинцева Аустралиядағы жарыстың жартылай финалына шыға алмады

Юлия Путинцева Аустралиядағы жарыстың жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 72-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен шеберлік байқасты.

А.Блинкова бірінші партияда 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде де ол бірден брейк жасап, алға кетті. Ю.Путинцева таразы басын теңестіргенімен, есеп 4:4 болған мезетте ресейлік теннисші тағы бір брейк жасап, матчты аяқтай білді – 6:4.

Бір сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында Путинцева 2 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдалана алды. Блинкова 4 эйс, 4 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Юлия Путинцева енді 16 қаңтарда басталатын Аустралия ашық чемпионатында бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;