Мұрат Тілешев жаңа жұмыс тапты

Мұрат Тілешев жаңа жұмыс тапты

Тұранның директоры қызметіне Мұрат Тілешев тағайындалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мұрат Тілешев – жамбылдық футболдың шәкірті. Футболшы ретінде Қазақстанның 9 клубында өнер көрсетті. Үш рет ел чемпионы және жоғарғы дивизионның бомбардирі атанды.

Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін Қазақстан футбол федерациясында жұмыс істеді, сонымен қатар «Шахтер», «Ақтөбе», «Астана» және «Тұран» клубтарында спорт директоры қызметін атқарды.

Еске салайық, бұған дейін бұл қызметті Айбек Тілеужан атқарған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0