Кукушкин Аустралия ашық чемпионаты іріктеуінің жартылай финалына шықты

Михаил Кукушкин Аустралия ашық чемпионатының іріктеуінде жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеудің ширек финалында қазақстандық теннисші әлемнің 157-ракеткасы аустралиялық Джеймс Дакворттан екі сетте басым түсті - 7:5, 6:4.
Матч 1 сағат 45 минутқа созылды.
Михаил Кукушкин Аустралия ашық чемпионаты іріктеу финалына шығу үшін жапониялық Есуке Ватанукимен күш сынасады.
Фото Instagram/kukushkin_mikhail