русский язык
Футбол

«Марибор» — «Астана» матчына билеттер 15 еуродан сатылады

«Марибор» — «Астана» матчына билеттер 15 еуродан сатылады

Чемпиондар Лигасының 2-ші біліктілік раундының алғашқы матчы «Марибор» — «Астана» командалары арасындағы кездесуге билеттер сату жалғасуда, құны 6-дан 15 еуроға дейін.

 Алдын ала сатылымда билет құны 5 еуродан (шамамен 1050 теңге) 12 еуроға дейін (2520 теңге) екі санат бойынша саудаланған болатын. 

1-ші санат — қолында абонементтері барлар үшін баға 10 еуро (шамамен 2100 теңге), 15 жасқа толмағандарға – 5 еуро (шамамен 1050 теңге).

2- ші санат — қалғандар үшін 12 еуро (шамамен 2520 теңге). 15 жасқа толмағандарға 6 еуро (шамамен 1260 теңге). Оңтүстік трибунадағылар үшін – 4 еуро (шамамен 840 теңге). 

Ойын өтетін күні билет бағасы 15 еуроны (шамамен 3150 теңге) құрайтын болады. 15 жасқа толмағандар үшін – 7 еуро (шамамен 1470 теңге). Оңтүстік трибунадағы жасөспірімдер үшін – 6 еуро (шамамен 1260 теңге).  

 

 

BNews.kz сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;