Гарет Бэйл кәсіби мансабын аяқтады

Гарет Бэйл кәсіби мансабын аяқтады

Футболдан Уэльс құрамасының шабуылшысы Гарет Бэйл кәсіби мансабын 33 жасында аяқтағанын мәлімдеді.

«Ұзақ ойланғаннан кейін мен клубтың және халықаралық деңгейде мансабымды аяқтағанымды хабарлаймын. Менің өзім армандаған спортпен айналысуыма барлық мүмкіндік жасалды. Енді мен өмірімнің жаңа беттерін ашуға қадам жасаймын. Жаңа оқиғаларға өзгерістер мен мүмкіндіктер уақыты келді», - деп жазды ол Гарет Бэйл.

Ол өткен жылдың 22 маусымынан бастап АҚШ-тың «Лос-Анджелес» командасында ойын көрсетті. Одан бұрын 2006 жылдан бастап Англияның «Саутгемптон», «Тоттенхэм Хотспур» және Испанияның «Реал Мадрид» клубтарының намысын қорғады. Испаниялық клуб сапында ол бес мәрте UEFA Чемпиондар лигасында жеңімпаз тұғырынан көрінді.

2006-2022 жылдарда Уэльс құрамасы сапында 111 кездесуде 41 гол соқты.

2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу сатысында Уэльс құрамасы В тобында соңғы орынды місе тұтты.

Түпнұсқасы: inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0