Логвиненко карьерасын аяқтағаннан кейін жаңа қызметке тағайындалды

Логвиненко карьерасын аяқтағаннан кейін жаңа қызметке тағайындалды

Қорғаушы Юрий Логвиненко «Ақтөбенің» жаңа спорт директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

8 қаңтарда 34 жастағы футболшы карьерасын аяқтағанын мәлімдеген.

Логвиненко «Ақтөбеге» ауысу мүмкіндігіне қатысты бірқатар ойыншылармен келіссөз жүргізіп үлгерді.

Логвиненко 16 жыл ішінде Қазақстан чемпионатында сегіз алтын медаль иеленген. Ойыншы Қазақстан құрамасы сапында 58 кездесу өткізіп, бес гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0