«Арсеналдың» бұрынғы шабуылшысы есірткі тасымалдағаны үшін қамауға алынды

«Арсеналдың» бұрынғы шабуылшысы есірткі тасымалдағаны үшін қамауға алынды

Лондондық «Арсеналдың» бұрынғы шабуылшысы Энтони Стокс есірткі саудасымен айналысқаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайдыProsports.kz.

6 қаңтарда Ирландия полициясы Дублинде қауіп туғызған көлікті қуған. Біраз уақыттан кейін жүргізуші мен оның жолаушысы ұсталды.

Көліктің ішінен 4,5 мың еуро көлеміндегі есірткі заттары табылды. Біраз уақыттан кейін Стокс кепілмен қамаудан босатылды. Ойыншы сот алдында жауап береді.

Стокс Англияда Арсенал, Сандерленд, Шеффилд Юнайтед, Кристал Пэлас, Блэкберн командаларында ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0