Головкиннің жекпе-жектері «Жылдың үздік оқиғасы» номинациясына ұсынылды
![Головкиннің жекпе-жектері «Жылдың үздік оқиғасы» номинациясына ұсынылды](https://prosports.kz/upload/news/content//202301/201131_7478f6362b200607dc3a89092dc70cc1.jpg?v=28670185)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің 2023 жылы өткізген жекпе-жектері "Жылдың үздік оқиғасы" номинациясына ұсынылды.
The Ring журналы Головкиннің жапониялық Риота Мурата мен мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жектерін таңдады.
"The Ring ұсынған төрт жекпе-жектің екеуіне Головкин қатысқан. Муратаға қарсы кездесу сәуірде өтіп, 9-раундта Геннадий Головкин техникалық нокаутпен жеңді. Головкин – "Канелоның" үшінші жекпе-жегі қыркүйекте өтіп, төрешілер жеңісті мексикалық боксшыға берген", – деп жазды басылым.