Теннис

Юлия Путинцеваның Хобарт турниріндегі қарсыласы анықталды

Юлия Путинцеваның Хобарт турниріндегі қарсыласы анықталды

Теннистен Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 59-орында тұрған америкалық Клэр Льюмен шеберлік байқасады. Бұл Ю. Путинцеваның 2023 жылдағы бірінші ойыны болмақ.

Бұдан бұрын Юлия жаңа жыл қарсаңында Аустралияның Брисбен қаласында United Cup командалық турнирінде Қазақстан құрамында өнер көрсетіп, швейцариялық Белинда Бенчич пен әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Свентектен ұтылып қалған еді.

Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан Хобарт жарысы 9 қаңтарда басталып, 14-інде мәреге жетеді. Содан кейін 16 қаңтарда жылдың басты додаларының бірі – Аустралия ашық чемпионаты басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0