Серік Мұсаділов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді
![Серік Мұсаділов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202301/201131_b6d4f23aff03b891088a244506f7bac1.jpg?v=28674715)
Бірінші ауыр салмақтағы жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов (14-0, 12 КО) көктемде жекпе-жекке шығады.
BoxRec.com хабарлауынша, «Панда» лақап атымен белгілі қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі 11 наурызда Орландода өтеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Серік Мұсаділов кейінгі жекпе-жегінде мексикалық Хавьер Гомес Руэданы (21-17, 15 КО) бірінші раундта сұлатып түсірді.