русский язык
Басқа

Әлем чемпионатына хиджабсыз қатысқан ирандық шахматшыны қазақстандық полицейлер күзетті

Әлем чемпионатына хиджабсыз қатысқан ирандық шахматшыны қазақстандық полицейлер күзетті

Алматыда рапид пен блиц бойынша әлем чемпионатына хиджабсыз қатысқан ирандық шахматшы Сара Хадемге белгісіз біреулер қоқан-лоқы көрсеткен.

Алматыда болған кезде Хадемге бірнеше телефон қоңыраулары түсіп, оны қорқытқан. Тіпті турнир аяқталғаннан кейін үйге оралмауын айтып, сақтандырғандар да болды. Ал кейбірі оның "мәселесін шешуге" уәде беріп, қайтып келуін өтінген. Сонымен қатар, Хадемнің Ирандағы туыстары мен ата-аналарына да қауіп төнді.

Осы жағдайдан соң Қазақстан полициясы шахматшының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы шешім қабылдап, қонақүй бөлмесін төрт адам күзетті.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;