Роналду Сауд Арабиясында әйелдер футболын дамытқысы келеді

Жақында клубқа қосылған саудиялық «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду өзі келген елде әйелдер футболын дамытқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен Сауд Арабиясында әйелдер футболын дамытқым келеді», - деді спортшы баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Роналду мен клубтың арасындағы келісімшарт 2025 жылға дейін жарамды.