Танымал ардагер боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты
![Танымал ардагер боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты](https://prosports.kz/upload/news/content//202301/472_ca34528d82429a2b0c2adf4398b4023a.jpg?v=28663737)
Аргентиналық боксшы Серхио Мартинес (56-3-2, 31 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Головкиннің қаупі маған күш береді. Бұл маған өзімді жігерлендіруге көмектеседі. Шаршаған күні өзіме: «Жоқ, Головкин сені өлтіруге дайындалып жатыр. Жаттық» деп айтамын. Сөйтіп, жаттығамын. Менің уақытым таусылып барады, сағат жылдамырақ - ақпанда мен 48-ге келемін, бірақ Головкин де жас емес - ол 41 жаста болады», - деді Мартинес.