ФИФА әр елде бір стадион атауын Пеленің құрметіне өзгертуді ұсынды
![ФИФА әр елде бір стадион атауын Пеленің құрметіне өзгертуді ұсынды](https://prosports.kz/upload/news/content//202301/472_93bf37fc0f66e6ec41095d8bab6d54b5.jpg?v=28700837)
ФИФА басшысы Джанни Инфантино әр елде тым болмаса бір стадионның атауын Пеленің құрметіне өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі IZ.ru сайтына сілтеме жасап.
Ол мұндай мәлімдемені 2 қаңтарда Сантус қаласында футболшымен қоштасу рәсімінде жасады.
«Біздің балаларымыз ол қаншалықты маңызды адам болғанын білуі үшін әлемдегі барлық елде тым болмаса бір стадион атауын Пеленің құрметіне өзгертуді ұсынбақпыз», — деді Инфантино.