русский язык
Басқа

Алматыда Магнус Карлсен блицтен әлем чемпионатын жеңіп алды

Алматыда Магнус Карлсен блицтен әлем чемпионатын жеңіп алды

Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен Алматыда блицтен әлем чемпионы атанды.

Соңғы турда ол өзбек шахматшысы Нодирбек Абдусатторовпен кездесіп, оны жеңді. Екінші орынды жапондық Хикару Накамура, үшінші орынды - армяндық Айк Мартиросян иеленді.
«Жеңіс формуласы оңай – басқалардан жақсы ойнау керек, болды», - деді Карлсен ойыннан кейін журналистердің сұрағына жауап беріп.

Бұған дейін Магнус Карлсен рапидтен әлем чемпионатын жеңіп алды. Бұл норвегиялықтың рапидтен әлем чемпионатындағы төртінші жеңісі.

Әйелдер арасында блицтен әлем чемпионы болып қатарынан екінші рет қазақстандық Бибісара Асаубаева атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;