русский язык
Басқа

Ресейлік шахматшы Алматыдағы әлем чемпионатында Мессидің бейәдеп сөзі жазылған футболка киген

Ресейлік шахматшы Алматыдағы әлем чемпионатында Мессидің бейәдеп сөзі жазылған футболка киген

Ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий Алматыда өткен рапид бойынша әлем чемпионатында келесіз жағдайға тап болды.

Ресейлік шахматшы футболкаға Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Мессидің цитатасын жаздырып алған.

2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Нидерландыны жеңгеннен кейін, Месси қарсылас команданың шабуылшысы Ваут Вегхорстқа "Qué Mirás, Bobo?", яғни “Не қарайсың, ақымақ?" деді.

Шахмат турнирінің ұйымдастырушылары Непомнящийдің бейәдеп сөз жазылған футболкасын байқап, оны ауыстыртты. Осыдан кейін ол ақ жейде киіп келді.

Алматыда жылдам шахмат пен блиц бойынша әлем чемпионаты 25-30 желтоқсан аралығында өтуде.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;