Теннис

Тимофей Скатов United Cup турнирінде Швейцарияға қарсы матчта есепті теңестіре алмады

Тимофей Скатов United Cup турнирінде Швейцарияға қарсы матчта есепті теңестіре алмады

Австралияда тұңғыш рет United Cup командалық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан турнирде В тобында Польша, Швейцария құрамаларымен бақ сынауда.

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов жекелей сында дебютін өткізіп, швейцариялық спортшы Марк-Андреа Хьюслерге есе жіберді.

2 сағат 23 минутқа созылған кездесу 4:6, 6:3, 6:3 есебімен Марко Андреаның пайдасына аяқталды.

30 желтоқсанда Александр Бублик Стэн Вавринкамен, Жібек Құламбаева швейцариялық Джилл Тейхманмен кездеседі.

31 желтоқсанда Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен, Тимофей Скатов польшалық Даниэль Михальскиймен кездеседі.

1 қаңтарда Бублик Хуберт Гуркачқа қарсы, Жібек Құламбаева Магда Линеттке қарсы матч өткізеді.

Фото: Андрей Ударцев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0