Бокс

Әли Ахмедов келесі жылы көктемде жекпе-жек өткізеді

Әли Ахмедов келесі жылы көктемде жекпе-жек өткізеді

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) соңғы конрвенциясында екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (19-1, 14 КО) пен француз боксшысы Кристиан Мбилли (23-0, 20 КО) арасындағы іріктеу жекпе-жегіне рұқсат берді.

17 желтоқсанда Мбилли төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен америкалық Вон Александерді (17-7, 10 КО) жеңген, енді қазақстандық Ахмедовпен келесі жекпе-жегі 2023 жылдың көктемінде өтпек. Бұл туралы BoxingNewsQC Twitter-дегі аккаунтынан хабарланды.

«Ол (Мбилли) наурыз айында Әли Ахмедовпен WBC элиминаторында жұдырықтасады. Осылайша, Ахмедов-Мбилли жекпе-жегінің жеңімпазы қазіргі уақытта мексикалық Сауль «Канело» Альварес иеленетін WBC супер орта салмақтағы титулына ресми үміткер атанады», - деп жазылған ресурста.

Түпнұсқасы: inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0