русский язык
Футбол

Евгений Савин неге «Оқжетпеске» ауысқан жоқ?

Евгений Савин неге «Оқжетпеске» ауысқан жоқ?

Шабуылшы Евгений Савин «Оқжетпеске» неге ауыспағанын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Команданың бапкерлік штабындағы өкілдердің бірімен сөйлестім. Олар маған қызығушылық танытып, командада көргісі келді. Бірақ Қазақстанда легионерлерге лимит бар, сондықтан менің келуім үшін орын керек. Орын босаған жоқ, енді қысқа дейін Қазақстанды жаба тұруға тура келеді. Мансабымды өзімізде жалғастыруға тырысып көремін. Үйде, Питерде қалсам деймін», - деді Савин.

Естеріңізге сала кетсек, өткен маусымда шабуылшы «Тюменьнің» намысын қорғаған болатын. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;