русский язык
Футбол

Диего Коста: «Челсиде» өте бақыттымын»

Диего Коста: «Челсиде» өте бақыттымын»

«Челсидің» испаниялық шабуылшысы Диего Коста «ақсүйектер» сапынан кеткісі келетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Моуриньо — ұлы бапкер, онымен сөйлесуімнің арқасында «Челсиге» ауысуға шешім шығардым. Ол маған өзінің жоспарларын айтып берді, сөйтіп «ақсүйектермен» келісім-шартқа отырдым. «Челсиде» өте бақыттымын. Мен және менің болашағым туралы қауесетер – бұл әшейінгі құбылыс, бірақ мен ештеңеге алаңдамаймын», - деді Коста. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;