Басқа

Алматыда өтіп жатқан жылдам шахматтан әлем чемпионатының екінші күнінің қорытындысы

Алматыда өтіп жатқан жылдам шахматтан әлем чемпионатының екінші күнінің қорытындысы

Жылдам шахматтан 2022 жылғы әлем чемпионатының екінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан сапынан Жансая Әбдімәлік үздік атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасындағы рапид бәсекесінде қытайлық Тан Чжунги, ресейлік Александра Горячкина және үндістандық 15 жасар Савита Шри көш бастап тұр.

Үздік ондыққа екі қазақстандық енді: Жансая Әбдімәлік сегізінші сатыға көтерілсе, Динара Сәдуақасова тоғызыншы орынға көтерілді. Бибісара Ассаубаева – 54-ші.

Ерлер арасында Магнус Карлсен көш бастап тұр. Қазақстан үздігі Әлішер Сүлейменов 38-орынға жайғасты.

Еске салайық, жылдам жарыстың аяқталуына дейін әйелдерге үш, ал ерлерге төрт раунд қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0