Быстровтың командасы Түркияға аттанады

Қазақстан құрамасының ойыншысы Марат Быстров өнер көрсететін Грозныйдың «Ахматы» Түркияға аттанады, онда команда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Оқу-жаттығу жиынының басталуы 10 қаңтарға жоспарланған. Команда бірқатар сынақ матчтарын өткізеді.
Спарринг серіктестер қатарында ресейлік ЦСКА, «Химки», «Рубин», «Нефтехимик», «Волга», «Чайка» клубтары, сондай-ақ Сербияның «Партизан» және «Войводина» командалары бар.