русский язык
Әлем футболы

Месси Аргентинадағы демалысына байланысты ПСЖ-ның үш матчына қатыспайды

Месси Аргентинадағы демалысына байланысты ПСЖ-ның үш матчына қатыспайды

ПСЖ мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2022 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алғаннан кейін демалуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

TYC Sports мәліметінше, ПСЖ жұлдызы командасының келесі үш матчына қатыспайды.

Месси Франция чемпионатының «Страсбург» және «Ленс» командаларына қарсы, сондай-ақ «Шаторумен» кубок кездесуінде ойнамайтын болды.

Лионель жаттығуға келесі 3 қаңтарда оралады деп жоспарланған. Аргентиналық ойыншы алаңға 11 қаңтарда ПСЖ-ның «Анжеге» қарсы кездесуінде оралады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;