русский язык
Теннис

Қазақстан бірінші ракеткасы WTA рейтингін нешінші орынмен аяқтады?

Қазақстан бірінші ракеткасы WTA рейтингін нешінші орынмен аяқтады?

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) 2022 жылғы үздік спортшылар рейтингісінің қорытынды нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Свиатек өз орнын сақтап қалды, екінші орында Тунис өкілі Онс Жабер, үшінші орынды америкалық Джессика Пегула иеленді.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина 21-орында қалды. Юлия Путинцева 51-орында.

Жұптық рейтингте чехиялық Катерина Синякова, ресейлік Вероника Кудерметова және чехиялық спортшы Барбора Крейчикова көш бастап келеді.

Қазақстандық Анна Данилина 11-орында болып қалды, Жібек Құламбаева 202-орынға төмендеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;