русский язык
Әлем футболы

Әлемдегі ең қымбат футболшылар анықталды

Әлемдегі ең қымбат футболшылар анықталды

Футболдан Катардағы біріншілік аяқталған соң әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингі жаңарды.

Үздік ондықтың қатарында Аргентина құрамасы мен "ПСЖ" шабуылшысы Лионель Месси жоқ.

Transfermarkt нұсқасы бойынша, қазіргі уақыттағы ең қымбат футболшы - Франция құрамасы мен "ПСЖ" шабуылшысы Киллиан Мбаппе. Оның нарықтағы бағасы 180 миллион еуроны құрайды.

Екінші орынға Норвегия мен "Манчестер Сити" сұрмергені Эрлинг Холанд жайғасқан. Оның "бағасы" Мбаппеден он миллион еуроға арзан.

Үздік үштікті Бразилия мен "Реал Мадрид" шабуылшысы Винисиус Жуниор (120 миллион еуро) қорытындылап тұр.

Катардағы Әлем біріншілігінен соң Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингемнің нарықтағы бағасы жиырма миллион еуроға көтерілген.

Рейтингтің төртінші сатысында тұрған жас ойыншы 110 миллион еуроға бағалануда.

Бесінші орындағы Англия құрамасы мен "Манчестер Ситидің" шабуылшысы Фил Фоденнің құны Джуд Беллингеммен бірдей.

Айта кетейік, ең қымбат он футболшының қатарында Педри (Испания), Мусиала (Германия), Сака (Англия), Вальверде (Уругвай), Гави (Испания) бар.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;