Григорий Ломакин Мысырдағы ITF турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Марат Шариповпен (Ресей) бірге Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің жұптық сында финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалдық кезеңде оларға Александр Бинда (Ресей) пен Даниил Остапенков (Беларусь) жұбы қарсыласты.
Кездесу үш сетте 7:6, 3:6, 10:7 есебімен аяқталды.