русский язык
Басқа

Мүгедектігі бар балалар ArtSport бағдарламасына енгізілген

Мүгедектігі бар балалар ArtSport бағдарламасына енгізілген

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар «ArtSport» бағдарламасына енгізілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов мәлімдеді.

«Елімізде ерекше күтімді қажет ететін балалар қазіргі таңда спортпен белсенді айналысады. Біздің өңірлерде мүгедектер спорты бойынша 15-тен астам клуб жұмыс істейді, сондай-ақ республикалық мүгедектер спорты орталығы бар. Бұл ұйымдарда жұмыс істейтін жаттықтырушылар үнемі біліктілігін арттырып отырады. Қазір инклюзивті балаларды спорт және дене шынықтыру сабақтарына қатыстыру жұмыстары жүргізілуде. Балалардың бұл санаты «ArtSport» бағдарламасына енгізілген және бұл бағытта да жұмыс жүргізілуде», - деп мәлім етті Бекболат Байжанов.

Брифинг барасында Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов биыл қаражат жетіспеушілігіне байланысты «ArtSport» бағдарламасына Үкімет тарапынан арнайы қаржы бөлінгенін айтып еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;