русский язык
Футбол

Қазақстан мен Испания футболды бірге дамытпақ

Қазақстан мен Испания футболды бірге дамытпақ
Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан-Испан футбол академиясы құрылуы мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Испаниядан арнайы келген аты әлемге әйгілі «Реал Мадрид» футбол клубы жанындағы балалар командасының жаттықтырушылары осындай бастаманы қолға алмақ. Облыс жетекшілігімен кездескен шетелдік спортшылар бұл салаға үлкен қызығышулық танытуда. Олар осыған дейін  әлемнің 10 елінде футбол академиясын құрған. Алдағы 10 күн ішінде испандық жаттықтырушылар   футбол  академиясын құру үшін негізгі талаптарын ұсынатын болады. Жоба құны да сол кезде анықталмақ. Егер екі тараптың ойы бір жерден шықса, Өскеменде футбол манежі салынады.  Сәйкесінше, 100-ден астам бала  қаладағы спорт интернатында тұрып, нағыз мамандардан футбол ойнаудың әдістерін үйренеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;