русский язык
Бокс

КСРО чемпионы, бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Болат Теміров қайтыс болды

КСРО чемпионы, бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Болат Теміров қайтыс болды

Атақты кеңестік және қазақстандық боксшы, КСРО чемпионы, ҚазКСР және Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Болат Теміров дүниеден өтті. Ол небәрі 53 жаста еді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болат Бисенұлы 1992 жылғы Олимпиада қатысушысы, бірнеше рет әлем чемпионаттарының қатысушысы. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық құраманың капитаны болды. Бокстағы мансабын аяқтағаннан кейін бизнеспен сәтті айналысып, ҚБФ бас хатшысы қызметін атқарды, Атырау облысының құрметті азаматы болды.
Қазақстан бокс федерациясы және еліміздің барша бокс қауымдастығы Теміров Болат Бисенұлының отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтады...
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;