«Тұранның» ойыншысына ҚПЛ клубтары көз тікті

«Тұранның» ойыншысына ҚПЛ клубтары көз тікті
news-banner7
mobile-news-top

«Тұранның» 21 жастағы жартылай қорғаушысы Санжар Сатанов жақын арада клуб ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «АйтHorse» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Премьер-лига клубтары түркістандықтар төменгі дивизионға ұшып кетуіне байланысты Сатановты қатарына қосып алмақ.

Футболшыға ҚПЛ-дың бірнеше клубы ұсыныс жасаған. Оның ішінде «Атырау» мен «Қызыл-Жар» бар.

Сатанов өткен маусымда «Тұран» сапында 11 матч өткізіп, 1 гол мен 1 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер