русский язык
Әлем футболы

Бензема жарақатынан айықты, әлем чемпионатының соңғы матчтарына қатыса ма?

Бензема жарақатынан айықты, әлем чемпионатының соңғы матчтарына қатыса ма?

Франция құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Карим Бензема жарақатынан толық айықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы Мадридтік клубтың жалпы тобында жаттығуға кірісіп кетті.

Айта кетейік, 35 жастағы Бензема Франция құрамасының 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамына енген, бірақ жарақатына байланысты ұлттық құрамадан кетіп, Испанияға оралды.

Бастапқыда ойыншы жарақатынан ерте айықпайды деп болжанғандықтан, оны клубқа қайтару туралы шешім қабылданды. Дереккөздің хабарлауынша, Бензема әлем чемпионатының соңғы матчтарында алаңға шығуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;