русский язык
Бокс

Головкин әлемдік рейтингте бесінші орынға жайғасты

Головкин әлемдік рейтингте бесінші орынға жайғасты

BoxRec порталы салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) жасалған әлемдегі үздік боксшылардың рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин төртінші орыннан бесінші сатыға сырғыды.

Ал Дерек Чисораны жеңіп, аса ауыр салмақтағы WBC титулын сәтті қорғаған британиялық Тайсон Фьюри екінші сатыға жайғасты.

BoxRec Рейтингісі (P4P):

1. Сауль Альварес
2. Тайсон Фьюри
3. Дмитрий Бивол
4. Теренс Кроуфорд
5. Геннадий Головкин
6. Александр Усик
7. Энтони Джошуа
8. Наоя Инуэ
9. Эррол Спенс
10. Шакур Стивенсон.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;